Аршалы ауданында мектеп аумағында жасалған ұрлықтың беті ашылды

Аршалы ауданында мектеп аумағында жасалған ұрлықтың беті ашылды

Аршалы ауданының полиция қызметкерлері жергілікті елді мекендердің бірінің мектеп аумағынан мүлік ұрлығының бетін ашты.

13 маусымда полиция бөліміне ауыл мектебінің директоры металл қоршау мен құрылыс тақтайларының ұрланғаны туралы өтінішпен жүгінді. Алдын ала мәлімет бойынша, ұрлық 10-13 маусым аралығында жасалған, ал келтірілген залал сомасы шамамен 300 мың теңгені құрады.
Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полицейлер қылмысқа қатысы болуы мүмкін адамдарды анықтады. Олар осы оқу орнының қызметкерлері болып шықты. Қазіргі уақытта олардың қатысы сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде тексерілуде.

Болған оқиғаның барлық мән-жайларын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.

By admin

Читайте также