«Жаңа заман – Жаңа заң: заң мен тәртіп – құқықтық мемлекеттің негізі»

Жастар арасында Қазақстан Республикасы Конституциясының маңызын насихаттау және конституциялық құндылықтарды дәріптеу мақсатында «Жаңа заман – Жаңа заң» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – қоғамда «Заң мен тәртіп» қағидатын нығайту, құқықтық мәдениетті қалыптастыру және азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру.
Кездесу барысында Конституцияның мемлекет дамуы мен қоғамдық тұрақтылықты қамтамасыз етудегі айқындаушы рөлі кеңінен түсіндірілді. Заң үстемдігі – әділетті қоғам құрудың негізгі тірегі екені, ал әрбір азаматтың Конституцияны құрметтеуі мен заң талаптарын сақтауы қоғамдық тәртіптің беріктігін қамтамасыз ететіні атап өтілді. Сондай-ақ азаматтардың құқықтары мен міндеттері, құқықтық жауапкершілік және құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері талқыланды.
Іс-шара аясында «Заң мен тәртіп» қағидаты тек құқық қорғау органдарының ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ жауапкершілігі екені айтылды. Қатысушылар заңға бағыну мәдениетін қалыптастыру, әділеттілік пен тәртіпті сақтау – ел тұрақтылығы мен дамуының басты кепілі екенін ерекше атап өтті.
Кездесу ашық диалог форматында өтіп, жастардың құқықтық ой-өрісін кеңейтуге, конституциялық құндылықтарды терең түсінуге және белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыруға ықпал етті. Жиын барысында қатысушылар өз пікірлерімен бөлісіп, қоғамдағы заң үстемдігін нығайту жөнінде ұсыныстарын ортаға салды.
