15 наурызда өтетін референдум алдында зерделеуімізге ұсынылған жаңа Конституция жобасы сөз және шығармашылық еркіндігінің кепілдіктерін сақтай отырып, бірқатар маңызды нақтылаулар енгізуді көздейді. Құжат мәтінінде ақпарат тарату өзге адамдардың ар-намысы мен қадір-қасиетіне, сондай-ақ қоғамның адамгершілік құндылықтарына нұқсан келтірмеуі тиіс екені атап көрсетілген. Жеке өзім мұны агрессивті цифрлық ортаға берілген жауап әрі адамды негізсіз қудалау мен онлайн-травлядан қорғауға бағытталған қадам деп қабылдаймын.

 

Әсіресе, қатыгездік, зорлық-зомбылық және кемсітушілік культін насихаттауға тыйым салу туралы тармаққа назар аударар едім. Жобада ақпараттық кеңістікте таратуға жол берілмейтін әрекеттер тізбесі кеңейтіледі. Бұл – қоғамдық тәртіп пен ұлттық қауіпсіздікті қорғауға бағытталған шаралар. Жоба аясында сөз бостандығы деструктивті әрекеттерге абсолютті еркіндік ретінде емес, әрбір айтылған немесе жарияланған сөз үшін жауапкершілік ретінде қарастырылады.

 

Алғаш рет Конституция жобасына жеке деректерді, соның ішінде цифрлық жүйелердегі деректерді қорғау нормасын енгізу ұсынылып отыр. Хат алмасу мен хабарламалардың құпиясы енді цифрлық технологияларға да тікелей қатысты болады. Смартфон кеңінен қолданылатын заманда бұл аса өзекті. Біздің цифрлық іздеріміз де қарапайым қағаз хаттар сияқты Конституциямен қорғалуы тиіс.

 

Әлеуметтік желілерді белсенді пайдаланатын әр азаматты жоба мәтінін мұқият оқып шығуға шақырамын. Біз бейберекет ақпараттық кеңістік пен өркениетті цифрлық орта арасынан таңдау жасаймыз. 15 наурыздағы референдум жеке кеңістігімізді цифрлық әлемде қорғау құқығын бекітуге мүмкіндік береді. Бұл – желідегі жоғары құқықтық мәдениетті қалыптастыру жолындағы маңызды қадам.

Камшат Кадылкызы- Хплықаралық қазақ тілі қоғамдық бірлестігінің мүшесі

By admin

Добавить комментарий

Читайте также