Ақмола облысында «Пиротехника» акциясы аясында 285 пиротехникалық бұйым тәркіленді

 

Облыста жаңа жыл мерекесі кезінде пиротехникалық бұйымдарды қауіпсіз пайдалану мәдениетін қалыптастыру және төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында өткізілген «Пиротехника» республикалық профилактикалық акциясы аяқталды. Бұл туралы брифинг барысында Ақмола облысы ТЖД мемлекеттік өрт бақылауы басқармасының бас маманы, азаматтық қорғау аға лейтенанты Жангелді Мәди хабарлады.

Акция 20 желтоқсаннан бастап өткізіліп, оны Ақмола облысының төтенше жағдайлар департаменті жергілікті атқарушы органдармен және полиция қызметімен бірлесіп ұйымдастырды. Негізгі назар өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуына және пиротехникалық өнімдерді заңсыз сатуға жол бермеуге бағытталды.

Акция аясында ТЖД қызметкерлері полиция департаменті және техникалық реттеу органдарының өкілдерімен бірлесіп пиротехникалық бұйымдарды сақтау және сату орындары бойынша рейдтік іс-шаралар жүргізді. Сертификаттардың болуы, өнімнің сапасы, сақтау шарттары және нормативтік құжаттар талаптарының сақталуы басты назарда болды.

Ақмола облысы ТЖД бас маманы мұндай жұмыстардың жыл сайын жүйелі түрде жүргізілетінін атап өтті.

«Жаңа жыл мерекелері қарсаңында біз профилактикалық шараларды дәстүрлі түрде күшейтеміз. Біздің міндетіміз – тек құқықбұзушылықты анықтау ғана емес, сонымен бірге ықтимал оқиғалардың алдын алу, кәсіпкерлер мен тұрғындарға өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтаудың маңыздылығын еске салу», – деді спикер.

Акция барысында барлығы 165 рейд жүргізілді. Нәтижесінде 285 дана пиротехникалық бұйым тәркіленіп, заңсыз сауда фактілері бойынша 66 әкімшілік хаттама толтырылды.

Бақылау шараларымен қатар балалар мен жасөспірімдер арасында профилактикаға ерекше көңіл бөлінді. Білім беру ұйымдарында 10 мыңнан астам оқушыны қамтыған шамамен 40 интерактивті сабақ өткізілді. Оқушыларға тақырыптық бейнероликтер көрсетіліп, пиротехникамен абайсыз жұмыс істеудің салдары түсіндірілді және қауіпсіздік ережелері еске салынды.

Жангелді Мәдидің айтуынша, өскелең ұрпақпен жұмыс – профилактиканың негізгі бағыттарының бірі.

«Балалардың пиротехникалық бұйымдардың нақты қаншалықты қауіпті екенін түсінуі өте маңызды. Интерактивті сабақтар мен көрнекі мысалдар арқылы біз мектеп оқушыларының өзінің қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауын қалыптастырамыз», – деп атап өтті ол.

Ақпараттық түсіндіру жұмыстары бұқаралық ақпарат құралдары арқылы да кеңінен жүргізілді. Акция шеңберінде брифингтер, кәсіпкерлермен дөңгелек үстелдер, дәрістер, әңгімелер, нұсқаулықтар мен интерактивті сабақтар ұйымдастырылды. Азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері теледидарда, радиода, баспа басылымдарында сөз сөйлеп, тақырыптық телебағдарламаларға қатысты

By admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Читайте также