Фишингтің жаңа толқыны — Сіздің Айфондарыңызды онлайн ұрлауда

Фишингтің жаңа толқыны — Сіздің Айфондарыңызды онлайн ұрлауда

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика

және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қылмыстық қауіп-қатердің

және қоғамдық қауіпсіздіктің тәуекелдерін болжау орталығы iPhone иелеріне

қатысты интернет-алаяқтықтың қаупі туралы ескертеді.

Шетелдік дереккөздердің (https://www.bleepingcomputer.com/news/security/lostiphone-dont-fall-for-phishing-texts-saying-it-was-found/, https://itc.ua/news/moshennykyobmanyvayut-vladeltsev-ukradennyh-iphone-falshyvymy-soobshhenyyamy-apple-find-my/)

ақпаратына сәйкес зиянкестер адамдарға Apple атынан жалған табылған

iPhone-ның моделі, түсі және жадының көлемі көсретілген жалған SMS

немесе iMessage-ті, фишингтік сілтемені қоса жайлғай отырып, жолдайды,

осылайша хабарламаның жалған еместігі туралы әсер туындайды.

Бекітілген сілтеме бойынша өту арқылы, пайдаланушы Apple Find My

сервисіне визуалды ұқсас жалған парақшаға түседі, ол Apple ID логині мен

паролін алаяқтарға жолдайды.

Бұл зиянкестерге iPhone-ның қосылуын құлыптауды айналып өтуге,

құрылғыға және жеке ақпаратқа қол жеткізуге мүмкіндігін береді.

Қауіп-қатердің көрсетілген түрі белсенді түрде таралуын ескере

отырып, қатаң түрде келесі іс-шараларды ұстануды ұсынамыз:

— күмән тудыратын сілтемелер бойынша өтпеуді;

— жоғалған құрылғының құлыптау экранында байланыс ақпаратын

көрсету үшін бөлек электрондық поштаның мекенжайын пайдалануды;

— SIM-картаға қол жеткізуді қиындату үшін оны PIN-кодпен қорғауды;

— құрылғыны тек icloud.com/find. арқылы тексеруді.

Сақ болыңыздар, киберқауіпсіздік талаптарын сақтаңыздар.

 

Қылмыстық қауіп-қатердің және қоғамдық қауіпсіздіктің тәуекелдерін болжау орталығы

By admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Читайте также