Конфессияаралық келісімді қамтамасыз ету, деструктивті діни ағымдар кері ықпалының алдын алу, олардың жақтастарын оңалту, экстремизм мен терроризмге қарсы үгіт жүргізу — Ақмола облысы дін істері басқармасының басты міндеттерінің бірі, себебі бұл мекеме өңірдің діни қарым-қатынас саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады, діни субъектілердің заң талаптарын сақтауын қадағалайды.

Басқарма басшысы Алмаз Мұқажановтың айтуынша, ведомство интернет желісін де бақылауда ұстайды. Мониторинг көрсеткендей, қазіргі уақытта облыстағы діни ахуал қалыпты.

«Сараптамалық интернет-карта» бағдарламасы деструктивтік сайттарға тіркелген тұлғаларды анықтайды, ал «Кибернадзор» жүйесі діни тақырыптағы заңға қайшы материалдарды бұғаттауға көмектеседі», — деп түсіндірді басқарма басшысы.

Айта кетейік, Ақмола облысында 195 діни ұйым мен 156 культтік нысан бар, облыс аумағында Польша, Филиппин, Ресей мен Германиядан келген 32 миссионер жұмыс істейді.

By admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Читайте также