Republic Day және Bereke Fest акциялары аясында қанша үнемдеуге болады?
Republic Day және Bereke Fest акциялары аясында қанша үнемдеуге болады? Қазақстанда Республика күніне орай ұйымдастырылған Republic Day және Bereke Fest республикалық акциялары жалғасуда. Еліміздің барлық өңіріндегі сауда орталықтары, сауда үйлері мен сауда желілерінде азық-түлік, киім-кешек, аяқкиім, тұрмыстық химия, техника және басқа да тауарларға арнайы баға ұсынылуда. Жекелеген тауарларға жеңілдіктер 50%-ға дейін жетеді. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі акция аясындағы бағаларға талдау жасап, тұтынушылардың түрлі санаттағы тауарларды сатып алу кезінде қанша қаражат үнемдей алатынын есептеді. Талдау өңірлер ұсынған ақпарат негізінде дайындалды. Азық-түлік тауарлары Астанада Bereke Fest акциясы аясында күнделікті тұтынатын азық-түлік тауарларына жеңілдіктер қарастырылған. Мәселен, күнбағыс майы…
