Халықаралық ынтымақтастық және ұлттық мәдениетті таныту
Халықаралық ынтымақтастық және ұлттық мәдениетті таныту Кейінгі жеті жылда Қазақстан мәдениеті әлемнің түрлі елдерінде кеңінен таныстырылды. Отандық өнерпаздар халықаралық фестивальдер, көрмелер мен байқауларға қатысып, мәдениет күндері елдер арасындағы мәдени байланысты нығайта түсті. Қазақстанның мәдениет күндері 15 елде өтті. Тек 2023 жылдың өзінде мұндай іс-шаралар Өзбекстан және Әзербайжанда өткізілді. Каирде Сұлтан Бейбарыстың 800 жылдығына арналған іс-шаралар ұйымдастырылып, әз-Заһир Бейбарыс мешіті ашылды. Кейінгі жылдары Түрікменстан және басқа да мемлекеттермен мәдени алмасу жалғасты. 2025 жылы Бейжіңде Қазақстанның мәдени орталығы ашылды. Ол ұлттық өнер мен дәстүрді тұрақты түрде насихаттайтын мәдени алаңға айналды. Сол жылы Ақтау қаласы Түркі әлемінің мәдени астанасы мәртебесін иеленді. …
