«Ұршық Party»: ұлттық өнер сайлау күнінің ерекше көрінісіне айналды
«Ұршық Party»: ұлттық өнер сайлау күнінің ерекше көрінісіне айналды Өңірде сайлау күні ұлттық дәстүрді дәріптейтін ерекше «Ұршық Party» акциясы ұйымдастырылды. Шара барысында қатысушылар қазақ халқының тұрмысында маңызды орын алған ұршық иіру өнерін көрсетіп, өзіндік рекорд орнатуға талпынды, деп хабарлайды Өңірлік Коммуникациялар қызметінен. Ұршық – халқымыздың тұрмыс-тіршілігімен біте қайнасқан дәстүрлі қолөнердің бірі Бұрын әжелер мен аналар жүн иіріп, одан күнделікті өмірге қажетті түрлі бұйымдар дайындаған. Бүгінде бұл өнер ұлттық мәдени мұраның бір бөлігі ретінде қайта жаңғырып келеді. Акцияға сайлау учаскесіне келген тұрғындар да белсенді қатысып, ұршық иірудің қыр-сырын тамашалады. Әртүрлі жастағы азаматтардың басын қосқан шара ұлттық өнерді насихаттап қана…
