Бүгін, 23 тамызда, Атбасар ауданының әкімі К. Әлімжанов жаңа бір палаталы Қазақстан Республикасы Құрылтайының сайлауына қатысып, өз дауысын берді

Бүгін, 23 тамызда, Атбасар ауданының әкімі К. Әлімжанов жаңа бір палаталы Қазақстан Республикасы Құрылтайының сайлауына қатысып, өз дауысын берді.

К. Әлімжанов ел азаматы ретінде өзінің конституциялық құқығын пайдаланып, өз таңдауын жасады.

«Бүгін әрбір азамат өз ұстанымын білдіріп, еліміздің болашағына өз үлесін қоса алады. Мен Қазақстан Республикасының азаматы ретінде өз таңдауымды жасадым. Атбасар ауданының тұрғындарын да сайлауға белсенді қатысуға шақырамын», – деді Қ. Әлімжанов.

Атбасар ауданындағы сайлау учаскелерінде дауыс беру белгіленген тәртіпке сәйкес штаттық режимде өтуде.

By admin

Читайте также