Азаматтарды ақпараттандыруда еш кемшілік жоқ – Түркиядан келген байқаушы Құрылтайдың алғашқы сайлауы туралы пікір білдірді
Азаматтарды ақпараттандыруда еш кемшілік жоқ – Түркиядан келген байқаушы Құрылтайдың алғашқы сайлауы туралы пікір білдірді Бүгін – Қазақстан тарихындағы алғашқы Құрылтай сайлау күні. Дауыс беру барысы сайлау учаскелерін аралап, сайлау процесінің ұйымдастырылуымен танысып жүрген халықаралық байқаушылардың қатаң бақылауымен өтіп жатыр. Олардың қатарында Түркия Жоғары сайлау кеңесінің төрағасы Сердар Мутта да бар. Ол Қазақ ұлттық өнер университетінде орналасқан сайлау учаскесіне барып, дауыс берудің ұйымдастырылуына қатысты өз пікірін білдірді. Сердар Муттаның айтуынша, Түркия делегациясы Қазақстанда екі күннен бері жүр. Бір күн бұрын халықаралық байқаушылар Орталық сайлау комиссиясының төрағасы және мүшелерімен кездескен. Кездесу барысында оларға елдің сайлау жүйесінің ерекшеліктері мен дауыс беру…
