Жыл соңына дейін Ақмола облысы толықтай ауыз сумен қамтылады Ақмола облысында су құбырларын жаңғырту бойынша ауқымды жұмыс аяқталуға жақын. Бұл өңір тұрғындарын тұрақты әрі сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл туралы брифинг барысында Ақмола облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Бақтыбек Жапаев мәлімдеді, деп хабарайды Өңірлік коммуникациялар қызметінен. Атап айтқанда, бағдарлама аясында 43 нысанның құрылысы, 44 су жүйесі қайта жаңғыртылуда. Сонымен қатар, шағын елді мекендер үшін 40 су тазарту блок-модулі орнатылды. «Біз облыстың әрбір тұрғыны, қай жерде өмір сүрсе де, сапалы ауыз суға қол жеткізуі үшін жүйелі түрде жұмыс істеп келеміз», – деді басқарма басшысы. Қазіргі таңда…
