2025-2029 жылдарға арналған «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасын (ЭКСЖ) іске асыру басталды
Бүгін Астанада «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту ұлттық жобасы: қазақстандық бизнес үшін мүмкіндіктер» тақырыбында конференция өтті. Оған мемлекеттік органдардың, ұлттық компаниялардың, табиғи монополиялар субъектілерінің, отандық тауар өндірушілердің, мердігер ұйымдардың және ЭКСЖ жеткізушілерінің 250 өкілі қатысты. Конференцияның пленарлық отырысын аша отырып, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев инфрақұрылым сапалы болмай, экономикалық және индустриялық өсім, қолайлы инвестициялық ахуалды қалыптастыру мүмкін емес екендігін атап өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылы Қазақстан халқына Жолдауында қордаланған инфрақұрылымдық мәселелерді кешенді түрде шешудің маңыздылығын айтты. Аталған мәселелерді шешу мақсатында былтыр желтоқсан айында Үкімет «Энергетикалық және коммуналдық секторды жаңғыртуға» бағытталған ұлттық жобаны бекітті. Алдын ала бағалау бойынша,…
