Этносаралық келісім – ұрпақтар сабақтастығының кепілі
Этносаралық келісім – бүгінгі ғана емес, келешек ұрпақ үшін де аса маңызды. Бала туған жерінде түрлі халықтар бейбіт өмір сүріп жатқанын көргенде, достық пен өзара құрметті жүрегіне сіңіреді. Бұл – тәрбиенің ең жоғарғы мектебі. Ұрпақтар бойына татулық дәнін себу арқылы біз ертеңгі қоғамның мықты іргетасын қалаймыз. Сондықтан этносаралық келісімді нығайту – болашақтың тұрақтылығын қамтамасыз ету деген сөз.
А.Ильясова-Атбасар тарихи -өлкетану музейінің меңгерушісі.
