Халықтың мәдениеті – тек өткеннің мұрасы емес, болашақ дамудың да құнды ресурсы. Ұлтаралық келісім орнаған қоғамда мәдени алуантүрлілік кедергі емес, керісінше қоғамды байытатын күшке айналады. Ортақ мерекелер, бірлескен шығармашылық жобалар, тілдер мен дәстүрлерді өзара үйрену өзара құрметті арттырып, «алуан түрліліктегі бірлік» ахуалын қалыптастырады. Осылайша әр этнос өзінің болмысын сақтай отырып, жалпыұлттық бірегейліктің дамуына үлес қосады. Бұл Қазақстанды рухани бай, ашық әрі жаһандық сын-қатерлерге төтеп беруге қабілетті мемлекетке айналдырады.
Атбасар АМҮ директоры
Жанар Сарсембекова
