Әлеуметтік тұрақтылық этностар арасындағы келісім деңгейіне тікелей байланысты. Қоғамда ұлттық айырмашылықтарға негізделген кедергілер жойылып, барлық азамат заң алдында тең сезінген жағдайда мемлекетке де, бір-біріне деген сенім артады. Мұндай сенім әлеуметтік толқулар мен қақтығыстардың алдын алып, реформалар мен дамуға берік негіз қалайды. Ондаған этнос өкілдері тату-тәтті өмір сүріп отырған Қазақстан үшін тұрақтылық пен сенім – ұзақ мерзімді өркендеудің және қоғамдық келісімнің басты шарты.
Атьасар Ауданының маслихат депутаты
Р.Досмуханов.
