Ұзақ мерзімді дамуға ұмтылатын мемлекет үшін саяси процестер азаматтардың әртүрлі этностық топтары арасында сенім мен құрмет жағдайында өтуі аса маңызды. Қоғамдағы келісім саяси курстың болжамдылығын қамтамасыз етіп, биліктің легитимдігін нығайтады және реформалардың тиімділігін арттырады. Түрлі этнос өкілдері қоғамдық және саяси өмірге өздерінің қатыстылығын сезінгенде, азаматтық белсенділік пен жауапкершілік деңгейі көтеріледі. Бұл саясаттың диалог пен ынтымақтастыққа негізделуіне, ал қоғамның тұрақтылық пен прогрессивті даму жолына түсуіне жағдай жасайды.
З. Доспанова
