Әртүрлі этнос өкілдерінің бейбіт қатар өмір сүруі диалог мәдениетін, ашықтықты және адами қадір-қасиетке құрметті қалыптастырады. Бұл қоғамда қарсыластық емес, ынтымақтастық құндылықтарын ұстанатын ұрпақ тәрбиелеуге ықпал етеді. Толеранттылық күнделікті өмірдің бір бөлігіне айналып, мектептерде, жұмыс орындарында, бұқаралық ақпарат құралдарында көрініс табады. Ұлтаралық үйлесім деңгейі жоғары болған сайын қоғамдық институттар да тұрақты дамиды, ал ел жаһандық сын-қатерлерге төтеп бере алады. Осылайша, келісім адамның және оның құқықтарының басты құндылық саналатын гуманистік қоғам моделін қалыптастырады.
Атбасар Ауданының маслихат депутаты
Р.Досмуханов.
