Мемлекет ішіндегі үйлесімді ұлтаралық қатынастар оның халықаралық аренадағы беделін арттырады. Қазақстан мәдени алуантүрлілікті құрметтеу мен бейбіт қатар өмір сүрудің сәтті үлгісін көрсете отырып, бітімгерлік және дипломатиялық процестерде сенімді делдал ретінде танылып келеді. Бұл халықаралық ынтымақтастықты дамытуға, инвестиция тартуға және мәдени байланыстарды кеңейтуге қосымша мүмкіндіктер ашады. Әлемдік қауымдастық мұндай елді тұрақты және сенімді серіктес ретінде қабылдайды, бұл оның экономикалық әрі саяси дамуына оң әсерін тигізеді.
З. Доспанова, БММ басшысы
