Көпұлтты мемлекетте ұлтаралық келісім – біртұтас ұлттық бірегейлікті қалыптастырудың негізгі элементі. Әр этнос өкілдері ортақ мақсаттар мен құндылықтар төңірегінде біртұтас қауымдастықтың мүшесі екенін сезінгенде, ұлттық бірлік нығаяды. Ондаған этнос тату-тәтті өмір сүріп отырған Қазақстан үшін бұл – ұзақ мерзімді даму саясатын құруға мүмкіндік беретін берік әлеуметтік негіз. Өзара құрметті, тілдік және мәдени алуантүрлілікті сақтау адамдар арасындағы сенімді арттырып, елдің ортақ болашағына деген көзқарасты қалыптастырады.
Атбасар ауданының Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры. Кожахметов Ж. К.
