Этностар арасындағы келісім тек қақтығыстардың алдын алып қана қоймай, мәдени өзара ықпалдастыққа жағдай жасайды. Дәстүрлермен, өнермен, тілдермен және рухани құндылықтармен алмасу әрбір адамның ішкі дүниесін байытып, елдің бірегей мәдени ортасын қалыптастырады. Құрметке негізделген диалог жағдайында мәдени көптүрлілік білім беру, шығармашылық индустрия және мемлекеттің халықаралық беделі үшін сарқылмас ресурсқа айналады. Қазақстан этностар арасындағы үйлесім мәдени сапаның жаңа деңгейін қалыптастырып, ұлттық мақтаныш пен біртұтас ұлтқа тиесілілік сезімін күшейтетінін өз тәжірибесімен көрсете алады.
А.Уткербаева, БЖШО директоры.
