Этносаралық келісім – ортақ жетістік, оны сақтау – бәріміздің міндетіміз. Қазақстанда 130-дан астам ұлт өкілдері бейбіт әрі тату өмір сүріп жатыр. Бұл – жай ғана статистика емес, бұл – түрлі ұлттардың біртұтас халыққа айнала алатынының нақты дәлелі. Бірақ ұмытпауымыз керек: келісімді бір рет орнату жеткіліксіз, оны күн сайын сақтап отыру қажет. Бұл – бір-бірімізге сөзімізбен де, ісімізбен де құрмет көрсету, араздыққа жол бермеу, тыңдай білу, келісімге келу деген сөз. Егер әр адам осы жолда өз үлесін қосса – жылы сөзбен, жақсы іспен, үлгі боларлық әрекетпен – еліміз әрқашан мықты, бейбіт және әлем алдында беделді бола береді.

Камшат Кадылкызы- Атбасар ауданының тілдерді оқыту орталығының басшысы.

By admin

Добавить комментарий

Читайте также