Жылыту маусымында жылусыз қалғаны үшін үшін  ақмолалық  тұтынушылардың  қаражаттары қайтарылуда

 

Биыл облыстағы кәсіпорындардың өз міндеттемелерін орындамай отырғаны анықталды. Нәтижесінде қысқы кезеңде жылусыз қалғаны үшін тұтынушыларға 33 миллион теңгеден астам қаржы қайтарылды. Бұл туралы брифингте Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті басшысының м.а Андрей Шевченко айтты.

Басқармаға коммуналдық қызметтердің тарифтерін бақылау және тұрғындардың мүдделерін қорғау жүктелген. Оның басты міндеті – тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы кәсіпорындардың өз тарифтерін ашық белгілеп, тұтынушылардың ақшасын мақсатқа сай жұмсауын қадағалау.

Компаниялар тарифті өзгерту жөніндегі ұсыныстарын арнайы портал арқылы беріп, жылына екі рет халық алдында есеп беруі қажет. Инвестициялық бағдарламаларын жүзеге асырмаса немесе бекітілген тарифтер бойынша қаржы жұмсамаса, тарифтерді уақытша төмендету арқылы қаражат халыққа қайтарылады.

Өткен жылы департамент бірқатар кәсіпорындардың 1,6 миллиард теңгеден астам міндеттемелерін орындамағанын анықтап, бұл ақша тұтынушыларға қайтарылған. Ағымдағы жылы да 1,7 млрд теңге сомасының орындалмаған міндеттемелері анықталды. Қысқы кезеңде жылумен қамтамасыз етілмегені үшін тұтынушыларға 33 миллион теңгеден астам қаржы қайтарылды.

Облыстағы жылу, су, электр желілерінің тозығы жеткен. 2024 жылы инфрақұрылымды жөндеуге инвестиция көлемі 5,1 млрд теңгеге дейін ұлғайтылады. Бұл қаражат 2,7 мың шақырымнан астам желіні жөндеуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, биылдан бастап жылумен, сумен жабдықтау және канализация бойынша әлеуметтік тұтыну нормалары енгізілді. Төлем енді тұтыну көлемі мен тұрғын үй ауданына байланысты болады, өз кезегінде бұл тұтынушыларды  ресурстарды үнемді пайдалануға ынталандыруы керек.

By admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Читайте также