Халықтық құрылыс

Халықтық құрылыс

 

Білім беру, спорт және мәдениет саласындағы инфрақұрылымды дамыту – елдің адами капиталын нығайтуға бағытталған маңызды қадам.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауда 50-ге жуық білім беру, спорт және мәдениет нысанының құрылысын бастау жөнінде тапсырма беруі өңірлердің әлеуметтік әлеуетін арттыру мәселесіне назар аудартады.

Әсіресе, мұндай нысандардың аймақтарда салынуы маңызды. Себебі сапалы білім алу, спортпен шұғылдану және мәдени өмірге араласу мүмкіндігі тек ірі қалалардың тұрғындарына ғана емес, ауыл-аймақтардағы балалар мен жастарға да қолжетімді болуы тиіс.

Алайда құрылысты бастаумен жұмыс аяқталмайды. Ең бастысы – нысандардың сапалы салынуы, уақытылы пайдалануға берілуі, заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуі және білікті мамандармен жасақталуы.

Инфрақұрылымға салынған инвестиция – болашақ ұрпақтың дамуына салынған инвестиция. Сондықтан қолға алынған бастамалардың нақты нәтижесі халықтың күнделікті өмірінен көрініс табуы қажет.

 

Қамшат Қадыл’ «Тілдерді оқыту орталығының» басшысы

By admin

Читайте также