Ақмола облысында сотталғандарға мамандық алуға қалай көмектесіп жатыр
Ақмола облысында сотталғандарға мамандық алуға қалай көмектесіп жатыр Бүгінде Ақмола облысында 800-ге жуық сотталған адам ресми түрде жұмыспен қамтылған. Өңірдегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде 50-ден астам кәсіпкер өндіріс орындарын ашқан. Бизнестің жұмыс орындарын құруға қалай ықпал етіп жатқаны және сотталғандарды жұмыспен қамтудың «Заң және тәртіп» қағидатымен байланысы облыстың Кәсіпкерлер палатасында талқыланды. Мұндағы әрбір жұмыс орны тек жалақы ғана емес. Сотталған адам үшін бұл кәсіп меңгеруге, еңбек дағдыларын сақтауға және бостандыққа шыққаннан кейін қажет болатын тәжірибе жинақтауға мүмкіндік береді. Бұл ретте жұмыстың ресми болуы және еңбек жағдайларының заң талаптарына сай келуі маңызды. Осы бағытты облыс прокуратурасы қадағалайды. Прокурорлық қадағалау…
