
Энергетикалық келешектің оңтайлы шешімі
Еліміз де әлемнің көптеген елдері секілді энергия тапшылығы мәселесін шешудің тиімді жолдарын іздестіріп жатыр. Қазба отындарына тәуелділіктің экологиялық салдары баламалы таза энергия көздерін табуға мәжбүрлейді. Нақты тәжірибелер мен нәтижелерге сүйенсек, атом электр стансалары энергетикалық келешектің оңтайлы шешім екенін көреміз. Дегенмен бұл тақырыптағы пікірталас көбіне атом энергетикасы туралы қорқыныш пен мифке толы эмоционалды жазықтыққа ауады. Осы пікірлерді практикалық тұрғыдан «EcoJer» қауымдастығының бас директоры Рүстем Қабжановпен талдап көрдік. Елдегі электр генерациясының негізгі үлесін көмір электр стансалары қамтамасыз етеді. Бұл әдіс салыстырмалы түрде арзан болғанымен, экологияға үлкен зиян келтіреді. Сарапшылардың айтуынша, парниктік газдар, күкірт пен азот оксидтері, бөлшек шығарындылары ауаның ластануына, климаттың өзгеруіне,…