
Ақмолалық ақын республикалық мүшәйрада бас жүлдеге ие болды
Атырау қаласында өткен қазақтың даңқты батыры Дәулеталы Жарыұлына арналған республикалық мүшәйрада ақмолалық ақын бас жүлдеге ие болды, деп хабарлайды ішкі саясат басқармасы. Есімі ұрпақтарының ауызында құрметпен айтылатын Дәулеталы ақынның жырдағы, өлеңдегі тұлғасын қалыптастыру, қазіргі қазақ ақындарының поэзиясы арқылы баба бейнесін жырдан сомдау мүшәйраның негізгі мақсаты болды. Мүшәйраға еліміздің түрлі өңірлерінен қатысқан 23 ақыннан 9 ақын жүлделі орындарға ие болды. Бас жүлдені Көкшетаулық ақын, ҚР Үкіметінің «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреты, Президент стипендиясының үш мәрте иегері, Қазақстан Жазушылар одағының, Журналистер одағының мүшесі Алмас Темірбай қанжығасына байлады. «Атың барда жер таны желіп жүріп» деп өскен қазақтың баласымыз. Ата-баба салтын берік ұстанған Адай…