
Жас маман АЭС жөнінде: Басқа мемлекеттерден неге кенже қалуымыз керек
Ядролық энергетика саласындағы жас маман, «Болашақ» бағдарласының түлегі Әсет Махамбетов мәслихат депутаттарының форумында еліміз үшін атом энергетика саласының маңызы туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. Қазірдің өзінде әлемнің дамыған Финляндия, Оңтүстік Корея, Біріккен Араб Әмірліктері, Ресей, Қытай, Үндістан, Франция сияқты 7 ғана елдің өзінде 203 реактор орналасқан. Ал бір ғана АҚШ-тың өзінде 94 реактор қызмет жасап, 97 мың мегаватт электр қуатын беруде. Басқа мемлекеттер осы саланы дамытып жатқанда біз неге кенже қалуымыз керек?! Одан басқа іргелес Өзбекстанда АЭС небәрі 60-70 шақырым жердегі Жизақ өңірінде салынбақшы. Жан-жағымыздың барлығы АЭС, біз неге салмауымыз керек?, - деді Махамбетов. Жас маман жыл өткен сайын…