
АЭС ел экономикасының өркендеуіне серпін береді – депутат
Мәжіліс депутаты Жарқынбек Амантайұлы Қазақстанның электр қуатына тапшы емес өңірінің өзі тапшылықты сезініп отырғанын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. Депутаттың сөзінше, АЭС құрылысы кәсіпкерлік субъектілеріне оң әсер етеді. Өйткені, шыны керек, АЭС 10-12 жыл салынатын болса, онда құрылыс жұмысына, басқа да қосалқы жұмыстарға мердігер компаниялар, жергілікті азаматтар тартылатыны анық. Одан бөлек, екінші мәселе – еліміздегі энергия тапшылығынан кейбір кәсіпкерлік салалары толық дамымай отыр. Ауыл шаруашылығындағы кәсіпкерлік те біраз кедергілерге тап болғаны жасырын емес. Ал АЭС ел экономикасының өркендеуіне серпін береді, - дейді мәжілісмен. Жарқынбек Амантайұлы өзі туып-өскен Павлодар қаласындағы энергия мәселесіне тоқтала кетті. Павлодар электр қуаты жеткілікті аймақтардың бірі. Дегенмен…