Сайлаушылар үміткерлердің бағдарламасын мұқият оқып, лайықтысын таңдауы керек – сарапшы
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алдағы Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы кандидаттардың ғана емес, сайлаушылардың да жіті назарында. Бұл туралы саясаттанушы Эдуард Полетаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Саяси науқан аралас сайлау жүйесі бойынша өтеді. Біз бір мандатты округтер бойынша және партиялық тізім бойынша депутаттыққа кандидаттар тарапынан жоғары қызығушылықты көріп отырмыз, Мәжілісте де, мәслихатта да үлкен бәсеке болады. Жалпы, сайлауға кандидаттардың өздері ғана емес, сайлаушылар да үлкен назар аударғаны маңызды. Сайлаушылар бірінші кезекте таңдап дауыс беруі керек. Яғни, ресми түрде келіп, азаматтық борышыңызды өтеп қана қоймай, ең лайықты үміткерлерді қарап, соған дауыс беру қажет», - деді сарапшы. Ол…