Ақмола облысында «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы басталды
Тамыз айының басынан бастап 30 қыркүйекке дейін өңірде дәстүрлі республикалық «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтуде. Акцияның мақсаты – жаңа оқу жылына дайындық барысында әлеуметтік осал санаттағы отбасылардан шыққан балаларға қолдау көрсету. Акцияның өту барысы туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ақмола облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Жанаргүл Баймақова баяндады. Спикердің айтуынша, акцияның басты мақсаты – аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың балаларына, жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға көмек көрсету, сондай-ақ әлеуметтік себептерге байланысты балалардың мектепке бармай қалуының алдын алу. «Облыстың барлық аудандары мен қалаларында акцияны өткізу жоспарлары бекітілді. Білім басқармасы, білім бөлімдері мен білім беру ұйымдары кәсіпкерлерге, бизнес өкілдеріне, меценаттарға…
