Главные новости

«Әділет» партиясы 5 миллион қазақстандықты цифрлық қауіпсіздік пен жасанды интеллект дағдыларына оқытуды ұсынады

«Әділет» партиясы 5 миллион қазақстандықты цифрлық қауіпсіздік пен жасанды интеллект дағдыларына оқытуды ұсынады

«Әділет» партиясы 5 миллион қазақстандықты цифрлық қауіпсіздік пен жасанды интеллект дағдыларына оқытуды ұсынады   «Әділет» партиясының өкілі Рауан Кенжеханұлы дебат барысында білім беру жүйесіне жасанды интеллектіні енгізу және азаматтардың жеке деректерін қорғауға қатысты жоспарларын таныстырды. Оның айтуынша, партия алдағы бес жыл ішінде оқушыларды, педагогтерді және егде жастағы азаматтарды қамтитын цифрлық сауаттылықты арттыруға бағытталған ауқымды жобаны іске асыруды жоспарлап отыр.   Партия «Әділет» предлагает обучить 5 миллионов казахстанцев цифровой безопасности и навыкам ИИ   Представитель партии «Әділет» Рауан Кенжеханулы на дебатах рассказал о планах по внедрению искусственного интеллекта в систему образования и защите персональных данных граждан. По его словам, в ближайшие…
Подробнее
«Байтақ» партиясы 150 мыңнан астам адамға экологиялық сауаттылық негіздерін үйретті

«Байтақ» партиясы 150 мыңнан астам адамға экологиялық сауаттылық негіздерін үйретті

«Байтақ» партиясы 150 мыңнан астам адамға экологиялық сауаттылық негіздерін үйретті   «Байтақ» жасылдар партиясының өкілі Аслан Байзахановтың айтуынша, экологиялық мәдениет әр қазақстандықтың өмір салтының бір бөлігіне айналуы керек. Бұл тәрбие бала кезден, яғни балабақшадан басталып, отбасында, жұмыс орнында және мемлекеттік басқару жүйесінде жалғасуы қажет.   Оның сөзінше, партия осы бағытта 150 мыңнан астам адамға экологиялық сауаттылық негіздерін үйреткен. Бұл жұмыс әрі қарай да жалғасын табады.   Айта кетейік, «Жетінші арна» эфирінде Құрылтай сайлауына қатысатын Қазақстандағы жеті саяси партия өкілдерінің теледебаты өтіп жатыр. Пікірталастың негізгі тақырыбы – білім беру саласындағы мәселелер.   ***   Партия «Байтақ» обучила экологической грамотности более 150…
Подробнее

Ауылдық квотамен оқуға түскен жастар туған ауылына барып жұмыс істеуі керек

  «Ауылдық квотамен оқуға түскен жастар туған ауылына барып жұмыс істеуі керек»   «Ауыл» партиясының өкілі Шахмардан Байманов «Дипломмен ауылға» бағдарламасының орындалуына бақылауды күшейту қажет екенін мәлімдеді.   Оның айтуынша, 2019 жылдан бері бағдарлама аясында 114 мың адам мемлекеттік қолдауға ие болған. Оның ішінде 52 мың азамат тұрғын үй алуға жеңілдетілген несие алған. Сонымен қатар, соңғы үш жылда 166 қатысушы бағдарлама талаптарын бұзып, мемлекетке 700 миллион теңгеден астам қаражатты қайтаруға міндеттелген.   Шахмардан Байманов ауылдық квота арқылы жоғары оқу орындарына түскен түлектер диплом алғаннан кейін туған ауылдарына оралып, сол жерде еңбек етуі тиіс екенін де атап өтті.   Бұл пікірлер…
Подробнее

НПК колледждерді жекеменшік компаниялардың сенімгерлік басқаруына беруді ұсынды

НПК колледждерді жекеменшік компаниялардың сенімгерлік басқаруына беруді ұсынды   НПК өкілі Бейбіт Құсайынов партиялар арасындағы телевизиялық дебатта модератордың колледждерді жекеменшік компаниялардың сенімгерлік басқаруына беру туралы сұрағына жауап берді.   Оның айтуынша, елімізде механик, сантехник және басқа да жұмысшы мамандар тапшы. Сонымен қатар, колледж түлектерінің 40 пайызы өз мамандығы бойынша жұмыс істемейді. Керісінше, олар курьер немесе такси жүргізушісі болып еңбек етуге мәжбүр. Бұл – алаңдатарлық жағдай, деді НПК өкілі.   Бейбіт Құсайыновтың пікірінше, бұл мәселенің шешімі – колледждерді бейінді жекеменшік компаниялардың басқаруына беру. Оның айтуынша, мұндай тәсіл студенттерге оқу барысында өндірістік тәжірибеден өтуге мүмкіндік береді. Соның нәтижесінде олар колледжді тәмамдағаннан кейін…
Подробнее

Определен порядок выступлений участников предвыборных теледебатов

Определен порядок выступлений участников предвыборных теледебатов   Сегодня в прямом эфире Седьмого канала состоялась открытая жеребьевка, по итогам которой был определен порядок выступлений участников предвыборных теледебатов.   По результатам жеребьевки очередность выступлений выглядит следующим образом:   1. Respublica — Мейрамгуль Мадали; 2. «Ак жол» — Дулат Тастекей; 3. ОСДП — Максут Насибулов; 4. «Әділет» — Рауан Кенжеханулы; 5. «Байтак» — Аслан Байзаханов; 6. «Ауыл» — Шахмардан Байманов; 7. Народная партия Казахстана — Бейбит Кусаинов.   Теледебаты состоятся 5 августа в 20:26 в прямом эфире Седьмого канала. Главной темой станет развитие системы образования.   В ходе дебатов представители политических партий представят…
Подробнее
Порядок выступлений определен!

Порядок выступлений определен!

Порядок выступлений определен!   Вчера в прямом эфире Седьмого канала состоялась жеребьевка, которая определила очередность выступлений участников предвыборных теледебатов.   📋 По итогам жеребьевки порядок выступлений следующий:   1️⃣ Respublica — Мейрамгуль Мадали 2️⃣ «Ак жол» — Дулат Тастекей 3️⃣ ОСДП — Максут Насибулов 4️⃣ «Әділет» — Рауан Кенжеханулы 5️⃣ «Байтак» — Аслан Байзаханов 6️⃣ «Ауыл» — Шахмардан Байманов 7️⃣ Народная партия Казахстана — Бейбит Кусаинов   📺 Уже сегодня, 5 августа, в 20:26 смотрите предвыборные теледебаты в прямом эфире Седьмого канала.   Главная тема — развитие системы образования. Участники представят свои программы, ответят на вопросы аудитории и обратятся к…
Подробнее
Мемлекет басшысы Жасанды интеллект бойынша халықаралық олимпиаданың ашылу салтанатында сөз сөйледі

Мемлекет басшысы Жасанды интеллект бойынша халықаралық олимпиаданың ашылу салтанатында сөз сөйледі

Мемлекет басшысы Жасанды интеллект бойынша халықаралық олимпиаданың ашылу салтанатында сөз сөйледі 📍 Астана қаласы, Конгресс орталығы
Подробнее
Елімізде жаз басталғалы бері қайта жаңғыртудан өткен 70 теміржол вокзалы ашылды

Елімізде жаз басталғалы бері қайта жаңғыртудан өткен 70 теміржол вокзалы ашылды

Қазақстанда жаз басынан бері ауқымды қайта жаңғырту жұмыстарынан кейін 70 теміржол вокзалы пайдалануға берілді, оның ішінде 40 нысан шілде айында ашылды. Нысандарды қайта жаңғырту Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша еліміздегі 124 теміржол вокзалын реконструкциялау және жаңғырту бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда.   Қайта жаңғырту аясында ірі өңірлік вокзалдармен қатар шағын станциялар да жаңартылды. Ең ауқымды жұмыстар Ақмола облысында атқарылды, мұнда 12 вокзалда жөндеу жүргізілді. Қарағанды облысында 11 нысан жаңартылды, оның ішінде жолаушылар платформалары мен Қарағанды – Сортировочная станциясының инфрақұрылымы бар. Сонымен қатар жұмыстар Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Алматы, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Павлодар, Қостанай, Маңғыстау, Түркістан, Жамбыл облыстарында, Жетісу және Ұлытау…
Подробнее
Ақмола облысында тұрмыстық қалдықтарды заңсыз төккен тұрғын жауапкершілікке тартылды

Ақмола облысында тұрмыстық қалдықтарды заңсыз төккен тұрғын жауапкершілікке тартылды

Ақмола облысында тұрмыстық қалдықтарды заңсыз төккен тұрғын жауапкершілікке тартылды   Целиноград ауданының Қараөткел ауылында жүргізілген рейдтік іс-шаралар барысында тұрмыстық қалдықтарды заңсыз төгу орны анықталды, деп хабарлайды prosud.kz.   Ауылдық округ әкімдігі мен құқық қорғау органдарының үйлесімді жұмысының нәтижесінде заңсыз қоқыс үйіндісін ұйымдастырған адамның жеке басы қысқа мерзімде анықталды. Ол жергілікті тұрғын болып шықты. Құқық бұзушыға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, ресми ескерту берілді.   Айта кету керек, сол күні аталған аумақта ауқымды санитарлық тазарту жұмыстары жүргізілді. Қоқысты тазалауға еріктілер, волонтерлер және жергілікті тұрғындар белсенді қатысты. Бірлескен күш-жігердің арқасында барлық қалдықтар жиналып, қатты тұрмыстық қалдықтарға арналған мамандандырылған полигонға шығарылды.…
Подробнее