
Ақмола облысында мемлекеттік қаржының тиімді игерілуі қатаң бақылауда
Ақмола облысында мемлекеттік қаржының тиімді игерілуі қатаң бақылауда Ақмола облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті 2024 жылы мемлекеттік қаржының тиімді игерілуін қамтамасыз ету, бюджет қаражатының мақсатсыз жұмсалуын болдырмау және мемлекеттік сатып алу жүйесіндегі заң бұзушылықтарды анықтау бойынша ауқымды жұмыс атқарды. Бұл туралы брифингте Ақмола облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті басшысының м.а. Шарап Сәдуақасов мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметінен. Өткен жылы Департамент 84 аудиторлық іс-шара өткізіп, соның қорытындысы бойынша жалпы сомасы 14,7 млрд теңгеге жуық заң бұзушылық анықталды. Олардың қатарында қаржылық, рәсімдік сипаттағы және мемлекеттік сатып алу заңнамасына қатысты бұзушылықтар бар. Аудиторлық тексерулер барысында бюджет қаражатының кейбір мердігерлер…