
Президент әкімдер қабылдаған актілердің күшін жоя алмайтын болады – Мемлекеттік хатшы
ҚР Мемлекеттік хатшысы Ерлан Қарин конституциялық реформа аясында әкімдерді сайлау және тағайындау тәртібі қалай өзгеретінін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Облыс әкімдерін тағайындаудың жаңа тәсілі енгізіледі. Әкімдерді өңірдегі бүкіл мәслихат депутаттарының келісімі бойынша баламалы негізде тағайындау ұсынылып отыр. Бұл қалай жұмыс істейді? Президент облыс, республикалық маңызы бар қала және елорда әкімінің лауазымына кем дегенде екі үміткер ұсынуға міндетті. Облыстық, аудандық және қалалық мәслихат депутаттарының бәрі осы үміткерлерден таңдау жасайды. Әкімдікке лайықты кандидат депутаттардың жалпы дауыс беруі нәтижесінде тағайындалады. Яғни, әкімшілік сенім білдірген азамат әкім болады», - деді Мемлекеттік хатшы Youtube арнасында. Оның сөзіне қарағанда аталған түзетулердің арқасында әкімдердің дербестігі…