2023 жылды «Ауыл жылы» деп атау ұсынылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан фермерлері қауымдастығының басқарма төрағасы Жигули Дайрабаев келер 2023 жылды «Ауыл жылы» атауды ұсынды. Оның айтуынша, бұл атау бұған дейін 2003 жылы ұсынылыған. Бұрын «келешегі жоқ ауылдар» деген әңгіме шығып еді. Меніңше, ол қате үрдіс. Өткен аптада Мемлекет басшысы Қасым- Жомарт Тоқаев кәсіпкерлермен кездесу өткізді. Ол кездесуге мен де қатыстым. Мен Президентке өз ұсынысымды айттым. Біз 2003 жылы «Ауыл жылы» деген жоспар құрғанбыз. Содан бері келер 2023 жылы 20 жыл толайын деп отыр. Осыған орай фермерлердің атынан Қасым-Жомарт Кемелұлына ұсыныс жасадым. Мүмкіндік болса 2023 жылды «Ауыл жылы» деп қайта бастама көтерсек, Жаңа Қазақстанды ауылды жаңғыртуды бастасақ деген…