Президент реформалары елдің басқару моделін түбегейлі өзгертеді – Ерлан Қошанов
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов жұмыс сапарымен Маңғыстау облысына барды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Тұрғындарме кездесу барысында Ерлан Қошанов еліміздегі елеулі оқиға қарсаңында Маңғыстау өңіріне арнайы келгенін айтып, алдағы референдумның мән-маңызына ерекше тоқталды. Мәжіліс төрағасы маңғыстаулықтардың Президенттің саясаты мен жаңа бастамаларына үнемі қолдау көрсетіп жүргеніне назар аударды. Ел алдында тұрған биік мақсаттарға қол жеткізу үшін халқымызға ауызбірлік керек. Ендігі кезекте Президентіміздің жанына топтасып, ел өміріне оң өзгеріс әкелетін реформаларды жүзеге асыруға атсалысуға тиіспіз. Осы орайда маңғыстаулық азаматтарымыздың Мемлекет басшысына тірек болатынына сенімдіміз, – деді Ерлан Қошанов. Мәжіліс төрағасы Президент реформаларының басым бағыттарын түсіндіріп, жаңа нормалар жайлы кеңірек…