Облыс әкімі Мәжіліс және мәслихаттар сайлауында дауыс берді
Ақмола облысы әкімі Ермек Боранбайұлы Маржықпаев Облыс орталығындағы №8 сайлау учаскесінде Қазақстан Республикасы Мәжілісі мен жергілікті маслихаттар сайлауында дауыс берді, деп хабарлайды Aqmolnews ақпарат агенттігі. Естеріңізге сала кетейік, 19 наурыздағы Мәжіліспен және мәслихаттар сайлауы – Қазақстанның саяси жаңғыруының жаңа кезеңі. Сол себепті, әр қазақстандық өз таңдауын жасап, саяси оқиғаға белсенді араласқаны абзал. Ал, Көкшетау қаласының №8 сайлау участкесінің төрайымы Сандуғаш Нұрқанованың берген мәліметіне сүйенсек: – Жалпы, №8 участкеде, сағат 10:30-ға дейін 185 адам дауыс берді. Негізі 1523 тұрғын осы сайлау участкесінде дауыс беруі тиіс. 3 адам үйде дауыс береді. Дауыс беру процесі бақылаушылардың қатан қадағалауында. Сайлауға қатысу барша халықтың парызы…