Ақмола облысындағы ауылдардың бірінде дәрігерлік амбулатория ашылды
Облыста алғашқы медициналық-санитарлық көмекті дамыту мақсатында денсаулық сақтау саласының объектілерін салу бойынша жобалар іске асырылуда. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай "Ауыл – ел бесігі" жобасы аясында Целиноград ауданы Софиевка ауылында дәрігерлік амбулаторияның ашылуы өтті, деп хабарлайды ішкі саясат басқармасы. Аудан әкімдігінде атап өткендей, амбулатория бір ауысымда 50 келушіге есептелген. Медициналық мекемеде 4-8 төсектік күндізгі стационар қарастырылған. Бір қабатты ғимаратта тіркеу бөлімі, емшара бөлмесі, егу бөлмесі, фильтр кабинеті, дәрігер қабылдау кабинеті, балалар кабинеті, қарау бөлмесі орналасқан. Мұнда 1 дәрігер, 2 орта медициналық қызметкер, акушер және тіркеуші жұмыс істейді. Медицина қызметкерлері мен жергілікті тұрғындарды айтулы оқиғамен аудан әкімінің орынбасары Алма Айтқожинова құттықтады.…
