Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн

Ағымдағы жылдың 1-12 маусым аралығында Ақмола облысында «Бала еңбегін пайдалануға жол жоқ!» ұранымен «Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн» Ұлттық ақпараттық науқаны өткізілуде.

Науқанды өткізудің негізгі мақсаты —  қоғамның назарын, соның ішінде ересектерді, балаларды және олардың ата-аналарын балалар еңбегінің ең нашар түрлерін қолданудың алдын алу мәселелеріне аудару, сондай-ақ, осы саладағы құқықтық ақпараттандыру болып табылады.

Ұлттық ақпараттық науқанды өткізу мемлекеттік органдар мен ұйымдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, жұмыс берушілер мен БАҚ-тың бала еңбегін пайдалануды алдын алу және болдырмау мәселелерінде серіктестік пен ынтымақтастықты дамытуға себеп болады.

Ақмола облысы білім басқармасы мен білім бөлімдері полиция органдарымен, мемлекеттік және үкіметтік емес ұйым өкілдерімен  бірлесіп рейдтік шаралар ұйымдастыруда.

Акция аясында облыстың барлық аумағында бала еңбегінің ең нашар түрлері проблемалары және балаларды сатудың алдын алу, балалардың қауіпсіздігін қамтамсыз ету   бойынша үндеухаттар, жадынамалар таратылуда.

Егер, Сізге балалардың құқығының бұзылуына жол берілген фактілер белгілі болса «Аманат 111» бірыңғай мемлекеттік байланыс орталығына, @ BALA_QORGAU чатына, білім басқармасының  87162- 72-29-03 колл-орталығына хабарласуды өтінеміз.

Ақмола облысы білім басқармасының қамқоршылық, қорғаншылық және тәрбие жұмыстары бөлімінің бас маманы Ділдабаева Жадыра Олжабекқызы

By admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Читайте также