Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарындағы көшпелі семинар-кеңестер туралы
21-22 ақпанда Орталық сайлау комиссиясының мүшелері Константин Петров пен Сәбила Мұстафина 2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу мәселелері бойынша Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарындағы көшпелі семинар-кеңестерге қатысты. Іс-шараларға жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, облыс прокуратураларының қызметкерлері, аумақтық сайлау комиссияларының мүшелері, кандидаттардың сайлауалды штабтарының өкілдері, халықаралық байқаушылар мен БАҚ өкілдері қатысты. Орталық сайлау комиссиясының мүшелері сайлау заңнамасының жаңалықтарына, 29 бірмандаттық округ бойынша ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттарды тіркеу қорытындылары, сайлау алдындағы үгітті қаржыландыру, сондай-ақ ұлттық және халықаралық байқаушыларды аккредиттеу мәселелері туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы…