
IQanat Олимпиадасы Ақмола облысында: кім ТОП-1000-ға кіреді?
IQanat Олимпиадасы Қазақстанның өңірлерін қамтуды жалғастырып жатыр, зияткерлік жарысқа енді Ақмола облысы қосылады. Үш күн ішінде өңір ауылдарының бірінші турдан сәтті өткен 400-ден астам оқушысы 1000 финалист қатарына кіру үшін тест тапсырып жарысады. Биылдың басты ерекшелігі – Peer-to-Peer жобасы. IQanat Олимпиадасы білім байқауы ғана емес, енді білім берудегі тәлімгерлік алаңына айналып, жаңа мазмұнға ие болды. Енді жоғары сынып оқушылары мен IQanat түлектері төменгі сынып оқушыларына тәлімгер (тьютор) болып, олардың мектеп бағдарламасы бойынша жетіспей жатқан білімдерін көтеруге көмектеседі. Айта кетейік, емтихан процесінен бөлек, оқушылар ынталандыру тренингтеріне, квесттерге, командалық ойындарға және дамытушы шараларға қатысады. Балаларға 11 тьютор және IQanat жобасының 7 қатысушысы…