Келіссөз қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті мен Германия Федеративтік Республикасы Президенті Бірлескен декларация қабылдады
Қазақстан Республикасының Президенті мен Германия Федеративтік Республикасы Президентінің Бірлескен Декларациясы Германия Федеративтік Республикасының Президенті Жоғары Мәртебелі Франк-Вальтер Штайнмайер мырзаның шақыруы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті Жоғары Мәртебелі Қасым-Жомарт Тоқаев мырза 2026 жылғы 29-30 қыркүйекте Германия Федеративтік Республикасына ресми сапар жасады. Осыған орай екі Президент мынадай Бірлескен декларацияны қабылдайды: Президенттер Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері Қазақстан Республикасы мен Германия Федеративтік Республикасы арасында қалыптасқан табысты ынтымақтастықты жоғары бағалайды. Отыз жылдан астам уақыт ішінде орныққан табысты ынтымақтастық тәжірибесін, өзара сенім және жоғары деңгейдегі саяси диалог қарқынды ілгерілеп келе жатқанын негізге ала отырып, олар тығыз ынтымақтастықтың жалғасуын оң бағалайды. Олар қол жеткізілген прогресті мойындап, демократия,…
