Ақмола облысында Тәуелсіздігіміздің мерейтойына арналған халықаралық айтыс өтті
Облыс орталығы, Қазақстанның мәдени астанасы – Көкшетауда Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіздік – Тұғырым» атты халықаралық ақындар айтысы өтті, деп хабарлайды ішкі саясат басқармасы. Ақындар айтысына Қазақстан, Қырғызстан және Қытайдың түрлі аймақтарынан 12 айтыскер қатысты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, іс-шара қазақ халқының рухани мұрасын насихаттауға, ақындық импровизацияны дамытуға, ақындардың мәдениеті мен орындаушылық шеберлігін арттыруға, халықты дәстүрлі фольклорлық шығармашылыққа баулуға бағытталған. Қатысушылардың шеберлігін Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жазушы, драматург Жабал Ерғалиев, ҚР Жазушылар одағының мүшесі, айтыскер ақын, ҚР Мәдениет саласының үздігі Құдайберли Мырзабек, ҚР Жазушылар одағының мүшесі, ақын-жазушы Ерболат Баятұлы, Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің қауымдастырылған профессоры филология ғылымдарының кандидаты Сәбит Жамбек, ақын,…
