Елбасы және алыстағы ағайын
Тәуелсіздік алғаннан кейінгі кезеңде Қазақстан Республикасы әлеуметтік-экономикалық, мәдени-рухани, ғылым-білім саласында үлкен табыстарға жетті. Еліміздің мұндай биік деңгейге көтерілуі, ең алдымен, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ұшан-теңіз еңбегінің нәтижесі. Тұңғыш Президентіміздің ерен еңбегінің ең бастыларының бірі – әлемнің әр түкпірінде шашырап жүрген сан миллион қазақтармен тығыз байланыс орнатып, олардың атажұртқа көптеп оралуына кең жол ашуы болды. Нұрсұлтан Назарбаев шет мемлекеттерге барған ресми сапарларында сол елде тұратын қазақтармен арнайы кездесу өткізуді дәстүрге айналдырған еді. 1991 жылдың қыркүйек айында Түркияға барған сапары кезінде сол елде тұратын қазақтар Қазақстанның Тұңғыш Президентін Ыстанбұл әуежайында бірден үш ақсарбас қойды құрбандыққа шалып, қол жайып «Ақсарбас!.. Ақсарбас!» деп ұрандатып, айрықша…
