Ата-бабам аңсаған егемендік
Еліміз тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейтойын салтанатты атап отыр. Әлем тарихында бұл қас-қағым сәт болса, Қазақстан үшін егемендігімізді ңығайту мен экономиканы көтеру, қазақ елін дүние жүзіне танысту кезеңі болды. Осы 30 жылды мен еліммен бірге егемендігіміздің әр кірпішін қалағандар қатарында болдым десем, еш артықшылығы жоқ. Таяуда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тәуелсіздік тағылымы» атты мақаласын оқып, көптеген жайттерді жаңа ашқандай болдым. Мен өзімнің көзқарасыммен ойлаған дүниелер, расында, басқа сатыдан қарасаң, мүлдем басқаша болады екен. Еліміздің егемендігі оңай келген жоқ. Ақ патша, одан кейін қызылдардың халқымызға әкелген зардабы аз болмады: осы жылдар үшінде халқымыздың санын азайтып қана қоймай, қазақты ұлттық рухынан…