Көкшетауда Мемлекет басшысының «Әділетті қоғамға – шыншыл сөз» атты жаңа кітабы таныстырылды
Көкшетауда Мемлекет басшысының «Әділетті қоғамға – шыншыл сөз» атты жаңа кітабы таныстырылды Көкшетаудағы Мағжан Жұмабаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханада Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың әр жылдары саясат сахнасында қазақ және орыс тілдерінде айтқан таңдаулы сөздері мен ой-тұжырымдары топтастырылған «Әділетті қоғамға – шыншыл сөз» атты жаңа жинақтың тұсаукесері өтті. Жиынға Ақмола облысының мемлекеттік органдарының өкілдері, қоғам белсенділері, еңбек ардагерлері, жазушылар мен жастар қатысты. Кездесуді ашқан Ақмола облысы әкімінің орынбасары Досұлан Айтбаев өңірге кітаптың алғашқы партиясы жеткізілгенін атап өтті. Жаңа басылымдар қала және аудан кітапханаларына, сондай-ақ жастар ұйымдарына жолданады. «Мемлекет басшысы ұлтымыздың көбірек кітап оқу қажеттігін бірнеше рет атап өтті. Бұл…
