Конституциялық реформа. Қай бап қалай өзгереді. 62-бап Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Парламент палаталарының заң қабылдау ережесін белгілеген баптардың бірі – 62-бап.
8 тармақтан тұратын бапқа бұған дейін екі рет түсініктеме беріліп, бір рет өзгертулер енгізілген. Ал биылғы реформа негізінде екі тармағына толықтыру енгізілді. Онда Парламент палаталарының ұсынылған заңды қабылдау ережесі анық көрсетілді. Сонымен қатар бұған дейін Парламент палаталары Қазақстан Республикасы Конституциясына енгізілетін өзгертулер мен толықтыруларды ғана қадағалап келсе, енді Конституциялық заңдарды да кемінде екі оқылым талқылауы керек. Яғни заңның тиімділігі мен өзектілігін барынша талқылайды деген сөз. Тағы бір айта кетерлігі, бұған дейін 62-бапта көрсетілмеген тағы бір толықтыру енгізілді осы баптың 5-тармағына. Ол – заң қабылдауда Сенат пен Мәжілістің нақты міндетін айқындау. Яғни Ата заңымызда айрықша аталмаған болса, ұсынылған заңды депутаттардың жалпы…