Атбасар ауданында ықтимал су тасқынының қаупіне дайындық шаралары күшейтілді

Атбасар ауданында ықтимал су тасқынының қаупіне дайындық шаралары күшейтілді

Атбасар ауданы облыстағы су тасқыны қаупі жоғары аймақтардың бірі. Соңғы 15 жылда мұнда шамамен он рет су басу оқиғасы тіркелді. Өткен жылғы көктемгі су тасқыны өзінің ауқымдылығы мен залал келтіруі жағынан барлық антирекордтарды жаңартты. Су тасқынына қарсы дайындық шаралары аясында жаз-күз мезгілінде 30 іс-шара өткізілді. Жұмыс әлі де жалғасуда. Бұл туралы аудан әкімінің орынбасары Бегахмет Махметов мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметінен.

Соңғы он жылда су тасқыны қаупі жоғары аймақтардан 939 отбасы көшірілгеніне қарамастан, Атбасар үшін Жабай өзенінің арнасы мен Жақсы ауданынан келетін еріген қар суының қаупі әлі де сақталуда.

«Қазіргі уақытта 268 үй су басу қаупі бар аумақта орналасқан. Бүгінгі таңда 550 метр өзен арналары мен 4830 метр су бұру каналдары тазартылды, 1395 метр бөгеттер нығайтылып, 295 метрі жаңадан тұрғызылды. Бес су өткізу құрылғысы орнатылып, 40 тазартылды», – деп мәлімдеді Атбасар ауданы әкімінің орынбасары Бегахмет Махметов.

Әсіресе, Жабай өзеніне ерекше назар аударылуда. Мұнда өзен арнасы ұзындығы 2,5 шақырым және тереңдігі 4,5 метр болатын құм шөгінділерінен тазартылды. Нәтижесінде 28 000 тоннадан астам құм қазылып, сыртқа шығарылды.

Бұдан бөлек, қар шығару жұмыстары да жалғасуда. Соңғы мәліметтерге сәйкес, аудан аумағынан 78 430 текше метр қар шығарылды.

«Тасқынға қарсы жұмыстарға азаматтық қорғаныс күштері мен ұйымдар жұмылдырылды. Қазіргі таңда 115 адам мен 46 техникадан тұратын төрт жедел топ құрылды. Сонымен қатар, 10 ассенизаторлық көлік иесімен еріген қар суларын сору жөнінде меморандум жасалды. 10 мотопомпа әзірлікке келтірілді», – деп толықтырды спикер.

By admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Читайте также