19 қазанда азаматтық қорғау органдары 29 жасқа толады.
ТЖ қызметтері (1995-2023 жылдары) төтенше жағдайларды жоюға 1,6 млн. астам рет шықты. Өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың қызметі, кәсібилігі, жеделдігі арқасында 421 мыңнан астам адам құтқарылды, түрлі ТЖ аймақтарынан 383 мыңнан астам адам эвакуацияланып, 72 мыңнан астам зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетілді.
Жыл сайын орта есеппен 18 мыңнан астам ТЖ тіркеледі, оның ішінде 12 мың өрт орын алады. Бүгінде азаматтық қорғау органдарында 27 мыңнан астам қызметкер жұмыс жасайды.
29 жыл ішінде шамамен 1,7 мың бірлік өрт-құтқару автотехникасы және 22 мың бірлік өрт-құтқару жабдықтары сатып алынды. 38 өрт сөндіру депосы салынды.
@emergovkz / t.me / insta / tiktok / youtube