Атбасар қаласының №226, №234, №243 сайлау учаскелерінде дауыс берушілерді атақты қазақ композиторларының белгілі күйлерімен көркемөнерпаздар қарсы алуда

Бүгін Атбасар ауданының барлық сайлау учаскелерінде референдум штаттық режимде өтуде. Атбасар қаласының №226, №234, №243 сайлау учаскелерінде дауыс берушілерді атақты қазақ композиторларының белгілі күйлерімен көркемөнерпаздар қарсы алуда.

Атбасар қаласының ән-саз мектебінің домбырашылар ұжымы аудандық мәдениет үйінде орналасқан сайлау учаскесінде болып АЭС туралы республикалық референдумға келіп дауыс берушілерге арнап ұлтымыздың мақтаныштары, атақты композиторларының шығармаларын орындап көңілдерін көтерді. Әуесқой әртістер сонымен қатар басқа сайлау учаскелеріне барып өнерлерін ортаға салды.

By admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Читайте также